Шығын түрлері
Шығын қоспас бұрын бизнесіңізде болуы мүмкін шығын түрлерін анықтау керек.
Шығын түрін қосу үшін сол жақ мәзірдегі "Конфигурациялар" бөліміне өтіп, "Шығын түрлері" қойындысын табыңыз.

Одан кейін "Қосу" түймесін басып, шығын түрінің атауын енгізіңіз.

Сақтаңыз және осы тәсілмен барлық ықтимал шығын түрлерін қосыңыз.
Шығын жасау
Сол жақ мәзірдегі "Шығындар" бөліміне өтіп, "Шығын қосу" түймесін басыңыз.

Шығын атауы мен түрін енгізіңіз.
Шығындарды өткен күнмен жасап, прокат орындары бойынша бөле аласыз.

Шығын мүкәммалға қатысты болса, тізімнен мүкәммалды таңдаңыз.


Қажет болса, осы шығынға қатысты чек/түбіртек немесе басқа файл қосыңыз.

«Сақтау» түймесін басыңыз.
Шығындарды түрі, орны, мүкәммал бойынша сүзіп, таңдалған кезең бойынша сұрыптай аласыз.

Шығын рәсімделген мүкәммал карточкасына өтсеңіз, онда шығын сомасы көрсетіледі.

"Аналитика" бөлімінде белгілі кезеңдегі немесе белгілі орындағы жалпы шығын сомасын да көруге болады.

Және шығын көлемін түрлері бойынша қадағалауға болады.

